429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Африкалық жеңіл атлеттер әлемдік екі рекордты жаңартты

  • 131
  • UPD: 17:27, 08.10.2020
Африкалық жеңіл атлеттер әлемдік екі рекордты жаңартты

Африкалық спортшылар 12 және 15 жыл бойы сақталып келген спорттық рекордтарды жаңартты.

Сонымен, угандалық Джошуа Чептегеи 10000 м қашықтықта әлемдегі ең жылдам жеңіл атлет атанды, ал эфиопиялық Летесенбет Гидеи 5000 м қашықтықта әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы World Atletics ресми сайты хабарлады.

Чептегеи 10 000 м қашықтықты 26 минут 11 секундта бағындырды.

Спортшылар рекордтарды Валенсияда өткен NN World Record Day спорттық іс-шарасында орнатқан.

Бұған дейінгі рекорд 15 жыл бойы сақталып келген. Эфиопиялық спортшы Кенениса Бекеле осындай қашықтықты 26 минут 17 секунд 53 миллисекундта жүгіріп өтті.

Летесенбет Гидеи 5000 метрді 14 минут 6 секунд 62 миллисекундта жүгіріп өтті. Ол өзінің жерлесі Тирунеш Дибабаның 12 жыл бұрын орнатқан рекордын жаңартты.

Другие материалы в этой категории: « Қазақстанда ең қымбат футболшы кім
Телеканал Хабар 24