Александр Бублик Майамидегі турнирдің ширек финалында сүрінді

Майамиде өтіп жатқан теннистен Masters турнирінде қазақстандық Александр Бублик жеңіліс тапты, деп жазады Olympic.kz. 

Ширек финалда Бублик италиялық Янник Синнермен кездескен болатын. Аталған матчта 2:0 есебімен (7:6, 6:4) италиялық спортшы жеңіске жетті.  Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылған.