«Вуэльта» көпкүндігі: «Астана» шабандозы үздіктер қатарында

Испанияда атақты велокөпкүндік жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы екі кезең нәтижесінде «Астана» сапындағы Алекс Аранбуру үздіктер қатарына ілікті.

Кезекті кезеңде спортшылар 166 шақырымды бағындырған болатын. Жарыс қорытындысы бойынша бельгиялық Яспер Филипсен жеңімпаз атанды. Ал, қазақстандық клуб өкілі Алекс Аранбуру мәреге бесінші болып жетті. Соның арқасында жалпы есепте 2-ші тұр. «Астана» командасындағы басқа шабадоздар, яғни, Александр Власов 17-ші, Горка Исагирре 34-ші, ал, Луис Леон Санчес пен Йон Исагирре , сәйкесінше, 46 және 60-шы орындарға тұрақтады. Алда әлі 19 кезең бар. «Вуэльта» Испания бәсекесінің жалпы нәтижесі 5 қыркүйекте белгілі болады.