Көркемдік кеңес

Көркемдік кеңес

«Хабар» Агенттігі» АҚ Хабар 24 телеарнасы продюсерлік компанияларды телевизиялық жобаларды шығару жөнінен серіктес болуға шақырады. 

Жобалар қазақстандық көрермен аудиториясы үшін қызықты болуы тиіс.

Бізді келесі жанрлар қызықтыруы мүмкін:

  1. ақпараттық;
  2. ақпараттық-сараптамалық;
  3. репортажды ақпараттық-қойылымдық;
  4. репортажды ақпараттық-сараптамалық;
  5. репортажды ақпараттық;
  6. қойылымдық сұхбат;
  7. имидждік роликтер;

Әр жоба  «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамының Көркемдік кеңесінде қарастырылады.  

Жоба келесі түрде болғаны жөн:

1) жобаның толық мазмұны (мақсаты, міндеттері, жанры, хронометражы, көзделген көрермендер аудиториясы);
2) кеңейтілген түрдегі сценарий;
3) құжаттар жиынтығы;
4) шығармашылық ұжым туралы ақпарат (бағдарлама жүргізушісі, продюсері, режиссері, сценарист, редакторлары);
5) телевизиялық материалдың пилоттық жобасы (Көркемдік кеңес мүшелерінің талап етуі бойынша).