Әзірбайжандық диаспора Елбасының Жолдауына қатысты ойларын білдірді

Еліміздегі өзге ұлт өкілдері де Елбасының Жолдауына қатысты ойларын білдірді.

Әзірбайжандық диаспора басшыларының айтуынша, Жолдауды жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикалық және саяси әлеуетін ары қарай дамыта аламыз. Ол үшін Елбасы айшықтап берген бес маңызды бағытты мықтап қолға алу керек.

Мансұр Мелазов, ҚР әзірбайжандар қоғамы төрағасының көмекшісі:

- Жаһандық, экономикалық өзгерістер, дамулар осылардың барлығының қатарынан қалыспай, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін Елбасымыз осындай тұрақты реформаны алға қойды. Біз тек қана этномәдени орталық емес, барлық Қазақстан халқы Елбасының саясатын жұмыла қолдай отырып, алға жылжимыз деген үміттеміз.