Руперт Гудман Елбасы Жолдауын қолдайтындығын айтады

ORTCOM.KZ

Британ-Қазақ қоғамының патроны халықаралық сараптамалық «Фест» журналының басшысы Руперт Гудман адам капиталының дамуына ерекше екпін берген Елбасы Жолдауын қолдайтындығын айтады.

Гудман адам мен оның әлеуеті ХХІ ғасырда экономиканың басты қозғаушы күші екендігімен келіседі.

Руперт Гудман, Британ-Қазақ қоғамының патроны:

- Кез келген елдің ілгері дамуында адам капиталының алатын орны ерекше. Қазақстан дұрыс бағытты таңдап алды және білімге инвестиция құя бастады. Яғни шетелдік университеттерге студенттер жіберіп жатыр. Бұл мемлекеттің интеллектуалды капиталын байытып, халықтың сапалық деңгейде ілгерілеуіне оң ықпал ететін болады. Қазақстан зор әлеуетке ие болып, бұл ұлы өзгерістерге әкеледі.