Егін науқанына елдегі дайындық қалай?

Биыл диқандардың шаруаға дайындығы тыңғылықты. Бірі күрек-тырмасын саптаса, енді бірі техникасын майлап, жер ананың бабын келтіруге кіріскен. Қар еріп, қара топырақ көрінген алқаптарды қазір тазалау, жырту, тұқым себу, егінге су жеткізу сынды істерді ретке келтіру басты міндет. Көктемгі егін жұмысына дайындық қалай болып жатыр? Бүгінгі шығарылымда осы сұраққа бірге жауап іздейміз.