Жыл сайын егіншілерге 300-350 млрд теңге несие рәсімделеді

300-350 млрд теңге. Жыл сайын елімізде жобамен егіншілерге осынша көлемде несие рәсімделеді. Алайда еңбек адамдарының қарыз қаржысына сұранысы 1,5 трлн теңгеге жеткен. Бұл жайлы Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеген болатын. Халық қажеттілігі мен игерілген қаржыны салыстыруға келмейтіні кімге де болсын түсінікті шығар. Алайда салада түсініксіз һәм түйінді түйткілдер жетерлік. Бүгінгі шығарылымымызда шаш етектен шашылған, қарыз алуға құштар ағайынның базынасын жеткізетін боламыз.