Қазақстандағы құмар ойындардың артында кім тұр?

Құмар ойынның құлына айналғандардың құлқынын тескен қу ақша. Жеңіл жолмен табыс табу үшін жиған-тергенін тәрк етеді. Тіккен бәсі еселеп ақталғандай болады бастапқыда. Бірақ барынан айрылылып, өзегін өкініш өртеген кезде ғана құмар ойынның құрбанына айналғанын түсінеді. Қазір Қазақстандағы құрбандардың саны 350 мыңнан асып кетті.