Дархан дала. Лепсіден Жыландыға дейін

Жетісу өңірінің Алакөл ауданы. Ежелден бұл өңірдің аты аңыз-әңгімелер мен ән-жырға арқау болған. Өзен-көлі мен орман-тоғайы мол сұлу табиғат аясындағы бұл жердің халқы да қонақжай.

Бүгінде өңір заман ағымына сай қарқынды дамып келеді. Аудандағы елді мекендерде жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, жолдар да салынған. Білім, спорт және мәдениет те назардан тыс қалмақ емес. Ауданның тыныс-тіршілігі жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.