Көліктердің қоршаған ортаға әсері қандай? | Экосана

Пандемияға дейін мамандар 2035 жылға қарай әлемде көлік саны 2 млрд-тан асады деп болжам жасаған. Әрине коронавирус өршіп, жаһандық экономика тығырыққа тірелген тұста, жоспарлар да қайта қаралды. Болашақ бұлыңғырлана түсті. Көрсеткіштер өскеннің орнына, құлдырап кеткені рас. 2022 жылдың алғашқы тоқсанында әлемде 20 млн-ға жуық жеңіл және коммерциялық көлік сатылды. Бұл былтырғыдан 6% аз. Ал ғалымдардың есебінше, 1950 жылдан бері әр 10 жылдықта темір тұлпарлар саны екі есе артып отырған. Бұған дамушы мемлекеттердің де көбеюі әсер етті.   

«Экосана» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.