Елімізде көлікті қуаттау стансалары жеткіліксіз

Елде жыл сайын атмосфераға 2,5 миллион тоннадай зиянды заттар шығарылады. Бір ғана көліктердің өзінен бөлінетін улы газдың мөлшері - 1 миллион тоннадан асады. Иә, таза көлік түріне көшуге болады. Қазір оған сұраныс артып келеді. Бірақ ел азаматтары жаппай электромобильді тізгіндеуге асығар емес. Өйткені көлікті қуаттау стансалары жеткіліксіз.