Жасыл экономика. Климаттық келісім

lifeharmonynature.blogspot.com

Қазақстан 2030 жылға дейін парниктік газдар көлемін азайтуы тиіс. Одан бөлек баламалы қуат көзі секторында 2050 жылға дейін өндірілетін энергияның 50 пайызын табиғат көздерінен алуды мақсат етіп отыр.

Бұл еліміздің климат бойынша Париждік келісім аясында ұсынған жоспары мен міндеттемелері. Елді «жасылдандыру» жолында Қазақстан аса салмақты құжатқа қол қойып, тұжырымдаманы қабылдады. Енді дүниежүзінің 100-ден аса мемлекеті мойындаған келісімді ратификациялау ғана қалды.

Алға қойған межеге қол жеткізу үшін қосымша қаржы тарту керек дейді мамандар. Аталмыш қаржыны жаңадан құрылған «жасыл» қордан алуға болды. Оны климаттық келісім аясында донор мемлекеттер өз міндеттеріне алады. Толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.