Олимп. Көркем гимнастика

gimnastikaopt.ru

Аты да заты да сұлулыққа тұнып тұрған бұл спорт түрі сырттай қарағанда жеңіл көрінгенімен әрбір қимыл жылдар бойы жасалатын жаттығудың жемісі. 360 градусқа иіліп, күрделі элементтерді орындау кезінде жыламау мүмкін емес. Алайда мұндағы кішкентай қыздар камера алдында сыр білдірмей, өздерін кәсіпқой спортшы секілді ұстады. Бастысы денең ғана емес, санаң да төзімді болуы керек. Көркем гимнастиканың еліміздегі қарқынын бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.