Экономика. Астанаға 20 жыл

Астана өзінің жиырма жылдығын атап өтіп жатыр. Тарих үшін бұл аса көп уақыт емес. Дегенмен осы аралықта еліміздің бас қаласы биік белесті бағындырды. Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді, 1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған болатын. Елорданы ресми түрде көшіру, 1997 жылдың оныншы желтоқсанында жүзеге асырылды. Осы сәттен бастап, шағын қалашықтың бұтағы бұлтқа ұмтылып, жапырақ жая бастады.