Байыбына барсақ. Тіршілік көзі

Астананың шетіндегі Өндіріс шағын ауданындағы ескі үйдің тұрғындары шүмектен ағып тұрған судың сапасына сеніңкіремейді. Оны ішіп-жемге пайдалану түгілі, жуынуға да жарату мүмкін емес дейді. Себебі, шүмектен кейде таттанған су шығады. Ал кей кезде оның құрамында құм болатын көрінеді. Бірақ тұрғындар соның өзіне шүкіршілік етіп отыр. Себебі, осыдан бес жылдай бұрын әр бөлме сумен бұлай жабдықталмаған да еді - «тіршілік көзін» көшедегі су колонколарынан таситын.