Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Франция альцгеймер дертіне шалдыққандарды дәрімен қамтамасыз етпейтін болды

Франция альцгеймер дертіне шалдыққан науқастарды қажетті дәрімен қамтамасыз етпейтін болды. Дәрігерлер бұл дәрілерді тым қымбатқа балағаны аздай, нәтижесіз әрі қауіпті санап отыр. Бұл шешімді нейробиология докторы, Женеваның Университеттік ауруханасындағы психолог-психотерапевті Фабьенна де Бильбао да құптайды. Альцгеймер ауруы күшейген кезде, қолданылар көптеген дәрі-дәрмектен пайда болмайтын көрінеді.