Үлкен спорт. Австралияның ашық чемпионаты Australian Open турнирінде шешуші сетке тай-брейк енгізілді

Австралияның ашық чемпионаты Australian Open турнирінде шешуші сетке тай-брейк енгізілді, деп жазады «Гардиан» газеті. Яғни нәтижесі тең түскен қарсыластар тездетілген партия - тай брейкті ойнайды. «Үлкен Дулыға» турнирлерінің бірін ұйымдастырушылар шешуші сетке қысқа партия енгізу туралы шешім қабылдапты. Ерлер арасындағы бесінші сетте, ал әйелдер арасындағы үшінші сетте тай-брейк өткізіледі. Ойын кезіндегі ұпай саны онға жетпесе, супер-тай-брейк жарияланады.