Мәдениетке саяхат. Абай атындағы опера және балет театры 2019 жылға арналған бағдарламасын ұсынды

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 2019 жылға құрған бағдарламасын ұсынды. Жаңа маусым театр үшін мерейтойлық екені белгілі, осыған орай жыл соңында ауқымды опера және балет фестивалі ұйымдастырылады деп жоспарланған. Айтулы шараға белгілі отандық артистер мен әлемге әйгілі өнер майталмандары қатысады.