Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Британияда оқушылардың түскі үзілісі 75 минутқа дейін ұзартылу жоспарлауда

Британ парламентарийлері оқушылардың түскі үзілісін бір сағаттан 75 минутқа дейін ұзартуды ұсынып отыр. Бұл балалардың денсаулығы мен көңіл-күйіне оң әсер етіп, зейінінің тұрақталуына және қабілет-бейімінің артуына ықпалын тигізеді, дейді баяндама авторлары. Бірақ бұл ұсыныс қызу талқыға тап болды. Балалармен шектелмеген австриялық Kurier басылымы түскі үзілістің ұзаруы ересектер үшін қаншалықты пайдалы боларын қаузапты. Қазіргі қоғамда түскі үзіліс кезінде дамылдайтын жандардың қарасы тым аз. Ал бар уақытын жұмыста өткізетіндер шикілі-пісілі сэндвичті ас қылып, іскерлік кездесу өткізе салады.