Жемқорлыққа қарсы жаңа саясатта қандай жайтты ескеру керек? | Antikor.KZ

Еуропа кеңесінің сарапшылары еліміздің жемқорлыққа қарсы саясатына қызығушылық танытты. Халықаралық ГРЕКО ұйымының бір топ адамы Қазақстанға қандай мақсатпен келді және олар агенттік басшысына қандай сұрақ қойды?

Еліміздің ГРЕКО-ға мүше болғанына жылдан асты. Қазақстан халықаралық ұйымға 50-ші болып қосылды. Бұл жемқорлыққа қарсы күресте бірігетін мемлекеттердің ұйымы. 1999 жылы құрылған. Ұйымға Еуропа, Америка, Азия сынды 3 құрлықта орналасқан елдер кіреді.