География бойынша халықаралық олимпиада жеңімпазы Еркебұлан Тазабек | NEXT

Еркебұлан Тазабек - география пәні бойынша халықаралық олимпиада жеңімпазы. Оның 4-5 жасында ата-анасы бөлмесіне үлкен атлас картасын іліп береді, міне сол кезден бастап кейіпкеріміздің географияға қызығушылығы басталған. Соның арқасында ол 11 жасында жүзден аса мемлекеттің астанасын білген. Ол Назарбаев зияткерлік мектебіне келгеннен, 8-сыныптан бастап география пәнін тереңдетіп оқуға шешім қабылдаған.