Следж-хоккей мен параволейбол | Салауат салты

Следж-хоккей - ауыр жүктемені әрі жылдамдықты қажет ететін ойын түрі. Тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар жандарға арналған спорт түрі 1994 жылдан бері Паралимпиада ойындарының бағдарламасында бар. Қазақстанға да келгеніне көп бола қойған жоқ. Қазір елордадағы Тарлан-аренада осы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған парахоккей үйірмесі жұмыс істейді. Біз бүгін парахоккей мен параволейболға саяхат жасаймыз.