Елордада Ресейдің мәдениет күндері басталды | Мәдениетке саяхат

- Елордада Ресейдің мәдениет күндері басталды. Осы орайда «Қазақстан» орталық концерт залында көршілес елдің үздік артистерінің қатысуымен салтанатты кеш өтті.

- «Астана Операның» балет труппасы гастрольдік сапармен Алматыда. Шығармашылық ұжым сапар аясында Абай атындағы опера және балет театрында өнер көрсетті.

- Ұлттық музейде «Вологда шілтері» атты көрме ашылды. Онда Вологда мемлекеттік тарихи-сәулет және көркемөнер музей-қорығының қорындағы бірегей сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылды.