Жол қатынасы аудан әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды сала

Жол экономиканың күре тамыры болып саналады. Себебі жол қатынасы аудан әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды салалардың бірі. Жол арқылы жолаушылар тасымалын жақсартып қана қоймай, жүк тасымалын ұлғайту арқылы кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беріледі. Ол іс барысында халықтың әл-ауқатының артуына кепіл.