Өзбекстандағы бокстан Әлем чемпионаты өз мәресіне таяп қалды, қай ел қандай нәтиже көрсетті? | Әлем

- Осы аптада АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әйел зорлауына қатысты сот ісі аяқталды. Алқабилер ол 30 жыл бұрын жазушы әрі журналист Джин Кэрролды жәбірлеген деген айыппен келісіп, саясаткерді кінәлі деп таныды.

- Пәкістанда бұрынғы Премьер-министрдің басына қара бұлт үйірілді. Имран Хан жемқорлыққа барып, тағы көп заңсыз әрекеттерге жол берді деп айыпталып отыр. Өткен аптада қамауға алынған бұрынғы Премьер-министр осы жұмада кепілдікпен 2 аптаға бостандыққа шығарылды.

- Түркияда президент сайлауына бір аптадан аз уақыт қалғанда, кандидаттардың бірі үміткерліктен бас тартты.

- Өзбекстанда қазір бокстан әлем біріншілігі өтіп жатыр. Байрақты бәсеке мәресіне таяды. Қазақстанның атынан 5 боксшы финалға шықты.