Игерілмей жатқан жайылымдық жерлер ауылдағы ағайынға қайтарылсын! | Міндет пен меже

Қазақстан жер көлемі бо­йынша әлемдегі ең ірі мем­лекеттердің қатарында. Алайда ауылда мал жаятын жер әлі күнге дейін тапшы. Шаруалар төрт түлігін қай­да жаярын білмей зар қақсап жүр. Осы мәселені көтерген Президент игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді ауылдағы ағайынға қайтарып беруді тапсырған еді. Міндет қалай атқарылып жатыр? Осыны білу үшін біз Түркістан облысына арнайы бардық.