Жезқазған жұрты қашан таза су ішеді? | Міндет пен меже

Жезқазған жұрты қашан таза су ішеді? Қазір адамдарға ашық жатқан Кеңгір қоймасының суы сүзіліп беріледі. Бірақ ол сапасыз, дейді тұрғындар, бұған қоса, қаладағы су құбырлары да әбден тозған қатты қысымға шыдамайды. Осы ретте мемлекет басшысы жаңадан құрылған облысты дамыту аясында мысты шаһардың іргесіндегі жерасты су көздерінен қалаға құбыр тартуды тапсырған еді. Сонымен қатар өңірдегі инженерлік-коммуналды инфрақұрылымды жетілдіру міндетін қойған болатын. Ол қалай іске асып жатыр? Осыны білу үшін біз Ұлытау облысына арнайы бардық.