Спорт саласы әрдайым мемлекеттің назарында

Еліміздің кәсіби спорттағы көрсеткіштері аса жоғары емес. Өткен Олимпиада мен Азиададағы мардымсыз көрсеткіштер спорт саласына түбегейлі өзгерістер керектігін көрсетті. Министрлік, Ұлттық олимпиада комитеті, түрлі федерациялардың үйлесімсіз жұмысын Президенттің өзі де сын тезіне алып, дереу реформа жасауды тапсырды. Бүгінде ел аймақтарында өңірлердің ерекшеліктеріне сәйкес нақты спорт түрлеріне баса назар аударылып, спортшылардың резервін даярлау жұмысы қолға алынған. Саладағы реформалардың қалай іске асып жатқанына көз жеткізу үшін «Міндет пен меже» бағдарламасының түсірілім тобы Шымкент қаласына бағыт алды.