Темірлан ауылында орналасқан заманауи мектеп

Бұл Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында орналасқан заманауи мектеп. Қазіргі таңда бұл мектепте 161 мұғалім қызмет етсе, 1 380 оқушы білім алады. Білім ордасы 2020 жылы күрделі жөндеуден өтіп, 2023 жылы «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы арқылы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 250 млн теңгемен қаржыландырған.