Игерілмеген қаржы сұраусыз қала ма?

Студия қонағы – Айбек Паяев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Жыл басынан бері бюджеттен бөлінген 15 млрд теңге игерлмеген. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев апта басында осылай деді. Қазынадан жырып бөлінген қаржыны жұмсай алмай жатқан 4 бірдей министрлік бар.

Бұл мәселе жылда қайталанады. Сосын жылда, әйтеуір, белгілі бір министрлік қаржыны игермеген болып шығады. Үнемі айтады, бірақ сол айтылған сөз айтылған күйінде ғана қалып қояды.