Мемлекет кімдердің кітабын басып шығарады?

Бірнеше күн болды қазақстандықтар 1 млрд 630 млн теңге теңге төңірегінде қызу пікір білдіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаржы мектеп салуға жұмсалып жатқан жоқ. Жол салуға да емес. Кітап басуға бюджеттен дәл осыншама қаражат жаратылмақ.

Бүгін «Күн тәртібі» тікелей эфирінде мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болған қаламгерлер кімдер? Олардың әрқайсысына қанша теңгеден берілмек? Туындылар қалай таңдалды? Туындылар қалай іріктеледі? Кітап өз оқырманын табуы үшін не істеу керек? деген сауалдарды талқыға салады.

Спикерлер: ҚР МСМ Архив істері және құжаттамалық басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, ақын Олжас Қасым, ақын, журналист Аслан Қажен, баспа директоры Раиса Сайран, «Қаламгер азамат» қоғамдық қорының басшысы Айдар Қырықбай.