356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады

  • 387

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады.

«Отандастарымыз бен туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезім бұл мерекеге ерекше терең мағына береді. Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді. Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту. Мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушіліктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді», – деген Президент барша халқымызға бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тіледі.

Хабар 24 телеарнасы