Денис Тен қайтыс болды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Денис Тен қайтыс болды

Денис Тен қайтыс болды

Еліміздің айбынын асырып, талай рет әлемдік аренада ел намысын қорғаған біртуар спортшы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қапыда көз жұмуы қалың елдің қабырғасын қайыстырды. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, жанын алып қала алмады.

Көк туымызды бір емес, талай мәрте желбіреткен даңқты ұл қамшының сабындай ғұмырында талай биік белестерді бағындырған еді.

Денис Тен – мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол – 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен ХХІ қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, мәнерлеп сырғанаудан финалдық кезеңге өткен Қазақстанның тұңғыш спортшысы. 2013 жылы өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемипонатының күміс жүлдегері. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының және 2015 жылғы әлемдік сынның қола жүлдегері. Мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық додасының, VII қысқы Азия ойындарының және Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Халықаралық конькишілер қауымдастығының рейтингінде үшінші орынға тұрақтаған. Ол әлемде мәнерлеп сырғанаудың үздігі екенін дәлелдеді. Оны шетелдіктер фамилиясымен емес, «Қазақ Денисі» деп атап кеткен. Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 25 жастағы мақтанышымыз бүгін ауыр жарақаттан қапыда көз жұмды.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауы бойынша, спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжал барысында ұрылар Денис Тенді пышақтап кеткен. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде