369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

  • 143
Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты Солтүстік Қазақстан облысы, Ильичевка ауылы

Мемлекет басшысы Қазақстанның басқа өңірлерінен қоныс аударғандарға арналған 14 тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев көшіп келген отбасылармен әңгімелесу барысында қоныс аударған тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтіп, өзінің де өмір жолы туралы айтып берді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Менің Алматы қаласының маңында дүниеге келгенімді білесіздер. 17 жасымда туған өлкемнен кеттім. Осындай шешім қабылдап, мен түрлі өңірде еңбек жолынан өттім. Кездескен қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Сіздер мұны балаларыңыздың болашағы үшін жасап жатырсыздар», - деді Қазақстан Президенті.

Соңында Елбасы ауылдың жаңа тұрғындарына зор денсаулық, табыс, бақ-береке тіледі.

***

Жалпы 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысына 900 адамнан тұратын 235 отбасы көшіп келген. Барлығы жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналастырылды. Олардың көшіп келуіне және шығындарын өтеу үшін 1 миллиард теңгеден астам субсидия бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы