Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев – қола жүлдегер

Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев – қола жүлдегер

Қоржынымызда тағы бір қола. Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда ұтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бокстан 91 келіден жоғарғылар арасында соңғы сынның жолдамасы сарапқа салынған. Қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен жолықты. Алғашқы раундта қарсыласы басым болды. Ал, екіншіде Қамшыбек нокдаун алды. Шешуші кезеңде мұрнының жоғарғы тұсы қанап, тіптен жарысты жалғастыра алмады. Осылайша, Қамшыбек Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Енді финалда америкалық боксшы өзбекстандық Бахадүр Жалоловпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, жартылай финалға тағы бір жерлесіміз шыққан болатын. 52 келіге дейінгер аласында Сәкен Бибосынов британиялық Галал Яфамен кездеседі.