Қазақстандық паралимпиадашы Александр Герлиц қола медаль жеңіп алды

Olympic.kz

Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.

Қытайдың Чжанцзякоу қаласының ұлттық биатлон орталығында өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Александр Герлиц 10 шақырымға сырғанап, мәре сызығын үшінші кесті.

Петропавл тумасы осы сайыс түрінен ел намысын қорғаған жалғыз спортшы. Ал жарыс жеңімпазы канадалық Марк Арендз атанды. Күміс украиналық Григорий Вовчинскийге бұйырды.

Айта кетсек, бұл медаль биылғы қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшылардың алғашқы жүлдесі.