Қайрат Сатыбалдыұлы екі айға қамалды

sputnik.kz

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хабарламада Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді деп жазылған. Қайрат Сатыбалдыұлы кеше «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қаражатын жымқыру фактісі бойынша ұсталып, қылмыстық іс қозғалған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері күдіктінің Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын айтқан.