Диабетке шалдыққандар инсулин таппай сабылып жүр

Біздің елдегі дәріханаларда инсулин тапшылығы байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қант диабетіне шалдыққандар дәріні қара нарықтан қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр.

Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар инсулинді кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін алады. Бірақ емханаларда берілетін дәрі бәріне бірдей келе бермейді. Бұған дәрінің құрамы себеп болуы мүмкін дейді мамандар. Мысалы, 2019 жылы осы емханаларда берілетін оригинал препараттарды биосимилярларға алмастырған. Сондықтан кей науқастар инсулинді өз қаражатына сатып алатын болған. Осындай жағдайға тап болғандардың бірі оралдық Александр Черченко. Жыл басында ол инсулинді 19 мың теңгеге сатып алған. Бірақ соңғы бірнеше апта бойы Александар өмірлік маңызы бар дәрісін таппай әлек. Оның айтуынша қала дәріханаларында бұл препарат жоқ.

Александр Черченко, Орал қаласының тұрғыны:

- Қазір дәріханаларда инсулин, атап айтқанда Лантус жоқ. Енді инсулинді тек қара нарықта сатып алуға болады. Емханалар мен ауруханалардың өздері бұл дәрімен қамтамасыз етпейді. Жағдайымыз қиын. мысалы, маған 5 шприц 2,5 айға жетеді. Бір дәрі негізінен 2 аптаға есептелген. Қазір біз Лантусқа Алматыдан тапсырыс бердік. Қолымызда 3 пакет дәрі қалды. Енді осы Алматыда жіберетін препапаратты күтеміз.

Бір инсулинді екіншісіне ауыстыру үшін ауруғана бір ай жатып шығу керек. Ол тек стационарлық жағдайда жасалады. Бірақ диабетиктердің барлығы бірдей тәуекелге бармайды, өйткені дәріні ауыстыру – олар үшін күрделі процесс. Осы орайда, диабетиктер қауымдастығы оригинал дәрілерді арзан биосимилярғаға ауыстыруға бірнеше жыл бұрын қарсы шыққан. Дегенмен олардың пікіріне ешкім құлақ аспапты.

Руслан Закиев, ҚР диабеттік қауымдастықтың президенті:

- Негізгі мәселе бағада еді. Биосимиляр арзан және бұл шешуші рөл атқарды. Бұл қоғамда дау тудырғаны рас. «Сол кезде СК Фармация» басшылығымен оригинал дәрілерді биосимиоярға ауыстыру заңнамадағы нормаларға сай ма, этикалық нормаларға келе ме деп бәраз дауластық. Бірақ соған қарамастан дәл осы биосимулятор инсулин сатып алынды. Сол кезден бастап «Лантусты» сатып алуды ресми түрде тоқтатты.

Ұйым басшының айтуынша, дәріханаларда Лантус таба алмай жүрген пациенттер қуаымдастыққа жүгінген. Болжам бойынша, бұған Ресейдегі дәрі тапшылығы себеп болуы мүмкін. Көрші елде қазірдің өзінде 80-ге жуық дәрілік препараттардың жетіспеушілігіне тап болған. Оның ішінде инсулин де бар. Алайда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұл мәселені жоққа шығарады.

Ажар Ғиният, ҚР денсаулық сақтау министрі:

- Қант диабетімен ауыратын барлық пациент тек бюджет есебінен дәрімен қамтамасыз етіледі. Дәріханаларда ешкім инсулин сатып алмайды. Себебі барлық пациенттер диспансерлік есепте тұр және олар бюджет есебінен, емханалар арқылы инсулин алады.

Материал дайындау барысында біз бірнеше дәріханаға, соның ішінде негізінен инсулин сататын жерлерге хабарластық. Бірақ олардың ешқайсысында Лантус препараты болмады.

Денсаулық сақтау министрінен мардымды жауап алмағандықтан, біз еліміздің фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығына жүгіндік. Олар дәрі сәуірдің екінші жартысында әкелінуі мүмкін деп хабарлады.

Марина Дурманова, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті:

- Қазіргі уақытта мемлекет қант диабеті бар амбулаториялық пациенттерді Қарағанды фармацевтикалық кешені өндіретін сауда атауы «Ринглар» инсулин препаратымен қамтамасыз етеді. Дегенмен бөлшек саудада оригинал инсулин «Лантус» препаратына сұраныс бар екенін көріп отырмыз. Аталмыш тауар тапшылығы сақтандыру қорларын қолдау және жоспарлаудағы қиындықтармен байланысты. Бірақ өндіруші «Лантус» препаратының дәріханаларда биыл сәуір айының екінші жартысында пайда болатынын растады. Дәріханалардағы пациенттерді тауармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін біз 2023 жылдан бастап біріңғай төлем жүйесі енгізілгенін күтеміз. Бұл өндірушілер мен дистрибьюторларға дәрі-дәрмектерді жеткізуді алдын-ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Еске салайық, наурыздың соңында денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек жкспортына жарты жалға уақытша шектеу енгізді. Ведомство дәрі тапшылығы жақын арада шешіледі деген үмітте.

Ғазиза Мұхамеджанова, Гүлнар Ерманова