Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

Жиында мемлекет басшысы Нью-Йоркке БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін барған сапарында бірқатар мемлекеттің басшыларымен және БҰҰ басшылығымен қатар  АҚШ іскер топтарымен кездескенін тілге тиек етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылғанын айтты. Отырыс соңында Президент бірқатар тапсырма берді.