Алматыда медициналық журналистика оқытылады

Алматыда медициналық журналистика оқытылады
International Journalists' Network

8 ақпаннан бастап 12 ақпанға дейін Алматыда медицина саласында маманданған журналистерді оқыту курстары өтеді (бағдарлама қоса беріледі).

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, курс ҚР АҚДМ мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы келісім негізінде өтеді.

Оқыту курстары офлайн форматта Алматы қ., Төле би көшесі, 94 мекенжайы бойынша өтеді. Қатысушылар «Медициналық журналистика» курсын өткендігі туралы сертификаттар алады.