Елімізде 15 өңірлік университет дамытылады

Елімізде 15 өңірлік университет дамытылады
OTYRAR

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 15 өңірлік университетті дамыту қарастырылған.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Нақты критерийлер бойынша 15 өңірлік жоғары оқу орнын іріктеп аламыз. Осы университеттер арқылы өңірлердегі білім сапасын арттыру үшін нысаналы қаржы бөліп, оларды жаңа зертханалармен қамтамасыз етеміз. Ол оқу орнындарында жаңа білім бағдарламалары да ашылады», – деді министр.