А. Аймағамбетов техникалық және кәсіптік білім беру ардагерлеріне наградалар табыстады

А. Аймағамбетов техникалық және кәсіптік білім беру ардагерлеріне наградалар табыстады

Білім және ғылым министрі техникалық және кәсіптік білім беру ардагерлеріне наградалар табыстады, деп хабарлайды Хабар 24.

«ТжКБ жүйесінің ардагерлері білім беру үдерісін жақсартуға бағытталған көптеген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге атсалысып, жалпы білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін лайықты марапаттарға ие болды», деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.

Министр үшін білім беру ардагерлерімен кездесулер әрдайым маңызды. Оның айтуынша, ардагерлер үнемі құнды тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру процесін жетілдіру үшін өздерінің көзқарастары мен ұсыныстарын айтады.

«Біз бүгін ТжКБ жүйесіндегі жетістіктерді, өзекті мәселелерді, техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар даярлаудың сапасын жетілдіру бойынша көзделген жоспарларды талқыладық.

Біздің ТжКБ жүйесінің білім беру үздіктері – ардагерлерімізге, сондай-ақ бүгін мыңдаған колледж студенттерін оқыта отырып, техникалық және кәсіптік білім беру саласының дамуына күн сайын үлес қосып жүрген колледж педагогтеріне ерен еңбегі үшін алғыс айтамын», деп қорытындылады сөзін білім және ғылым министрі.