Алматыдағы РФМ мектебінің түлегі АҚШ-тың алты университетінен шақырту алды

Алматыдағы РФМ мектебінің түлегі АҚШ-тың алты университетінен шақырту алды

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебін тәмамап, IT саласын жетік меңгерген 16 жастағы Нұржан Әбдірәсілов өз таңдауын жасапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді мұхит асып, білім алмақ. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап Нұржан Әбдірәсілов оқуға деген ынтасымен, көшбасшылық қасиетімен көзге түскен. Математика мен IT саласының тылсымына бойлаған Нұржан қазақстандық жетім балалар авторлық бағдарламалау тілін әзірлеген. Осындай алғыр балаға АҚШ-тың бірнеше жоғарғы оқу орнынан шақырту түскен.

Нұржан Әбдірәсілов, мектеп түлегі:

Соның ішінде мен US BERKLY деген университетті таңдадым. Ол Колифорнияда орналасқан. Бұл университет көп дәрежелі университет. Әлемдік рейтингте 4-орында. Computer science саласында орналасқан. Бұл, яғни бағдарламалау

Математика мен IT саласынан әртүрлі олимпиадаға қатысқан зерек бала спортты да серік еткен. «Адамның сергек жүруіне, ойлау қабілетіне спорттың тигізер ықпалы көп. Сондықтан тек қана Нұржан емес, барлық балаларымды спортқа бердім», – дейді әкесі Ғазиз.

Ғазиз Әбдірәсілов, Нұржанның әкесі:

Спорт деген баланы кішкене өзін-өзі қолда ұcтау өзіне мақсат қою. Әрдайым  өзінен-өзі асып түсу сол үшін жұмыс істеу дегенді ішінде жаңағы характер дейміз соны дамытады. Өзіне-өзі деген ұстанымы арта түседі. Ол өмірде тек спортта емес, басқа салаларда қатты көметкеседі негізі. Сондай мақсатпен оны спортқа бердік. Енді жүзуге де барды. Енді негізгісі бокс. Сол бокспен айналысады.

Қазір Нұржан шетелге шығуға дайындық үстінде. АҚШ-та оқуын тәмамдаған соң сол жерде біраз тәжірибе жинап, Қазақстанға келіп қызмет етемін деп отыр. Алғыр баланың алға қойған мақсатына қашанда тілекшіміз.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Әбен Нарынбаев