Чарльз Маклин Нәрікбаев атындағы университетте қоғамдық дәріс оқыды

Бұқаралық ақпарат құралдары бейтарап болуы керек.

Яғни кез келген материал белгілі бір тараптың мүддесіне емес, шынайы ақпарат негізінде жасалуға тиіс. Сонда бұқараның сеніміне және сұранысқа ие болады. Байланыс саласының стратегилық жоспарын құрумен айналысатын Чарлз Маклин осындай пікірде. Бүгін ол Нәрікбаев атындағы университетте "Әлемдегі өзгермелі Қазақстан" тақырыбында қоғамдық дәріс оқыды. Айтуынша, қазір әлеуметтік желілер жақсы дамыған. Сондықтан көрерменнен шынайы ақпаратты жасыру мүмкін емес. Дәріс барысында қатысушылар өзін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Айта кету керек Чарлз Маклин 2010-2014 жылдар аралығында біздің елде жұмыс істеп бірнеше ақпараттық алаңның аяқтан тұруына септігін тигізді.

Чарльз Маклин, BORDERLESS CONSULTING GROUP басқарушы директоры:

- Сегіз жылдың ішінде Қазақстан адам танымастай өзгерген. Билікті айтпағанда, мемлекеттің экономикалық, геосаяси тұрғыдағы көзқарастары да жаңарған. Үлкен роеформалар жасалып жатыр. Мен осы жарияланған реформаларды халыққа қалай түсіндіру қажет деген тақырыпта сөз қозғап, қоғаммен байланыс орнатудың оңтайлы жолдары туралы аттым. Қазақстанда телеарналар мен әлеуметтік желілердің жұмысы жүйелі қалыптасқан. Бұл билік пен қоғам арасында байланыс орнағанын көрсетеді.

Айта кету керек, Нәрікбаев атындағы университет осындай үлгідегі қоғамдық дәрісті бесінші рет өткізіп отыр. Бұған дейін түрлі саладағы белгілі мамандар келіп, қатысушылармен пікір алмасқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай дәріс әр жұма сайын тұрақты түрде өтеді. Оған кез-келген адам қатыса алады.

Ерболат Мұхамеджан, "М. Нәрікбаев атындағы казгюу" басқарма төрағасының орынбасары:

- Тақырып пен спикерлер әр түрлі болады. Бірақ мүмкіндігінше біз білім-ғылым, экономика, саяси мына ұлтаралық қарым-қатынас деген сияқты маңыздылықтарға негіз береміз. Себебі қазір әлемді қарасақ соған ден қойып тұр.