Алматыда Халықаралық «Пи» саны күніне орай интеллектуалды конкурс өтті

14 наурыз – әлемдегі көптеген жоғары оқу орындарында Халықаралық «Пи» саны күні, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай Алматыдағы Логистика және көлік академиясында техникалық университет студенттері арасындағы интеллектуалды конкурс өтті. Қатысушылар шеңбердің ұзындығын дөңгелектің ауданын есептейтін Пи санын пайдалана отырып, математикалық тапсырмалардың шешімін тапты.

Нақты ғылым саласына қатысты бейресми мерекені 1987 жылы Сан-Францисколық физик Ларри Шоу ойлап тапқан. Ғалым 14 наурыз Пи санына сәйкес келетінін байқап, оның бірінші сандарын 3,14-пен байланыстырған.

Еске сала кетейік, алғашқы «Пи» күні Сан-Францисконың «Эксплораториум» ғылыми мұражайында аталып өткен.   

Салтанат Әмірғалиева, М. Тынышбаев атындағы Логистика және көлік академиясының ректоры:

- Бұл конкурстың негізінде студенттеріміздің эрудициясын көтеруге, студенттеріміздің шығармашылық шабыттарын арттыруға және әр жоғары оқу орындары студенттерінің бір-бірімен қауымдасып, бір-бірімен жақсы достық қарым-қатынаста болып, үлкен-үлкен жобаларға бірге қатысуына септігін тигізетін маңызды іс-шара.