Ғалымдар тал екті

Ғылым қызметкерлері күні Еуразия ұлттық университетінің ұжымы Қазақ ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл қойды.

Ғылыми мұрасына құрмет көрсетті. Жоғары оқу орнында ғылым онкүндігі ұйымдастырылып, танымдық шаралар өткізілді. "Ғылым және білім" халықаралық-тәжірибелік конференциясы 69 секция бойынша 13 факультетте өтті. Еңбегі еленген мамандар қошеметке бөленді. Алғыс хаттар табысталды. Университет ғалымдары "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төс-белгісімен марапатталды. Сонымен бірге мамандар білім ордасының аумағында "Декандар аллеясын" ашып, 20-ға жуық көшет отырғызды.