Бірінші класқа құжат қабылдау 1 тамызда аяқталады

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау ертең аяқталады.

Өтініш беріп үлгірмегендер құжаттарды Еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады. Бүлдіршіндер бірінші сыныпқа 6 жастан бастап ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар, 3х4 өлшемінде 2 сурет қоса беріледі. Биыл құжаттарды қабылдау бірінші сәуірден басталған. 4 айда 350 мыңнан аса өтініш түсті. Балалардың 71,2 пайызы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған. Болжам бойынша жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.