Алматыда халықаралық химия одағы жетекші ғалымдарының кеңесі өтті

Алматыға АЙЮПАК / IUPAC / халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағының жетекші ғалымдары жиылды.

Қатысушылар Мемлекет басшысының жолдауында айтылған жаңа міндеттер аясында заманауи ғЫлымның негізгі бағыттарын талқылады. Жиын біліктілікті арттыру курстары форматында өтіп жатыр. Студенттер мен магистранттарға отандық және шетелдік профессорлар дәріс оқиды. Бағдарлама "қоршаған ортадағы радиациялық мониторинг, шикізатты өңдеудің технологиялық ерекшеліктері" тақырыптарын қамтиды. 

Мұхамбетәлі Бүркітбаев, Б.Беремжанов атындағы Қазақстан химиялық қоғамының басшысы:

- Екі жыл бұрын біз Қазақстанда химиялық қоғамды құрып едік, Беремжанов атындағы Қазақстан химиялық қоғамы деп. Енді өткен жылы бізді IUPAC - тың мүшесі ретінде алды. Ол әрине өте жақсы қадам деп ойлаймын. Бүгін біз осы семинарға IUPAC –тен белгілі адамдарды шақырып, Олар қазір дәріс оқып жатыр, Біздің жастарға қалай осы IUPAC - тың проектілеріне ие болу керек? Не істеу керек? Бәрі тек қана жастардың қолында.

Михаил Наурызбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

- Талқыланатын мәселелер Қазақстан үшін және IUPAC дүниежүзілік ұйымы үшін маңызды. Мен Қазақстан үшін жалпы жаңа әдістер туралы айтып отырмын. Әлемде шикізатты өңдеу саласында белгілі бір материалдардан жаңа компоненттерді алуға мүмкіндік беретін технологияларды қолданады. Бұл біздің ғылым үшін де жаңа бастама болар еді.