Ақтөбеде жекеменшік мектептің 1500-ден астам оқушысы кітапсыз отыр

Жаңа оқу жылының басталғанына 3 аптадай өтсе де, оқулықтардың қашан келетіні әлі белгісіз.

Ал биыл салынған білім ұясы ресми түрде желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс еді. Бірақ Батыс-2 тұрғындар алабындағы орын тапшылығынан мұнда сабақтар қыркүйекте басталып кеткен. Тиісінше мұндай аяқасты өзгерістер оқулықтың тапшылығына әкелген.

Қазір мұнда 3700 бала тегін білім алып жатыр. 2 мыңнан аса оқушы басқа мектептердің қорында бар кітаптармен қамтылған. 

Ләззат Ордабаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- 1 ай күтеміз. Өйткені оқулықтарға тапсырыс береміз, келісімшарт жасау керек. Олар басылу керек және оларды әкелу керек. Ол деген бірталай уақыт алады. Келесі жылы осындай жағдай болмайды. Себебі жеке мектеп өз қаражатын қарастырып, толығымен контингент анализ жасап, толығымен қамтылады.